$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президент Ниццадағы лаңкестік оқиғаға орай көңіл білдірді

AstanaTV
15.07.2016ж. 20:00
2754
Президент Ниццадағы лаңкестік оқиғаға орай көңіл білдірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда Елбасы Ницца қаласында лаңкестік әрекет салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өткен. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ француз халқына көңіл айтып, терроризмді айыптады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да, жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА