Партияның жаңа есімдері жобасының алғашқы мүшелері белгілі болды. Олардың бірі мүмкіндігі шектеулі азамат, әрі кәсіпкер Шахан Жолдасбаев. Оның есімі бүгінде ақтөбе жұртшылығына етене таныс. Еңбекқор жігітпен тілшіміз Бақыт Рахметова кездесіп, тілдесіп қайтты.
Ақтөбелік Шахан Жолдасбаев 2007 жылы жол апатыны түсіп, арбаға танылған. Ол кезде қалада мүмкіндігі шектеулі жандарға еркін қозғалуы өте қиын еді деп еске алады. Пандустар атымен жоқ еді дейді. Осыдан соң, өзі сияқты жандардың ғимараттарға еркін кіріп-шығуы үшін пандустармен қамтамасыз ететін арнайы мекеме керегін түсінеді. Әлеуметтік жобаныны қолға алыыыыпты.
Шахан ЖОЛДАСБАЕВ, «ПАНДУС.ОК» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:
Бүгінгі таңда біз жүзден астам нысанға пандус салдық. Тек біздің қала ғана емес барлық Батыс өңірінде Атырау, Ақтау, Орал қалаларынан да тапсырыс қабылдаймыз. 2016 жылы электркөтергіштер өндірісін жолға қойдық. Оған тіпті көршілес Орынбордан да сұраныс түсіп жатыр.
Шаханды халық тек кәсіпкер ғана емес, белгілі спортшы ретіңде де жақсы біледі. Ол Ұлттық параолимпиадалық құраманың сапында, суға жүзуден спорт шебері. Бүгінде қалалық мәслихаттың депутаты. Аманат партиясының жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысады. Жуырда «Партияның жаңа есімдері» жобасына енген.
Шахан ЖОЛДАСБАЕВ, «ПАНДУС.ОК» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ:
Бұл нақты бағдарламаны ұстанып халықтың қамын әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін көтеріп, олардың спапалы өмір сүруіне жағдай жасап отырған жалғыз партия. «Кедергісіз келешек» жобасы тіпті менің жұмысыммен тығыз байланысты.
Партияның жаңа есімдері жобасының мақсаты, партияны жандандыру. Нақтырақ айтсақ партия имиджін шенеуніктерден қарапайым халықтың партиясына айналдыру. Белгілі бір салаларда жетістікке жеткен партия мүшелерін кеңінен халыққа таныстыру. Бүгінде Шаханның көптеген әлеуметтік жобалары халықтың көңілінен шығып жүр. Әсіресе, ғимараттарға орнатылған электр көтергіштері үшін оған мүмкіндігі шектеулі жандар,қарттар мен арбадағы балалары бар аналар алғыстарын жаудыруда.
Б. Рақметова