Адам құқықтарын қорғау бойынша
омбудсменнің атына келіп түскен шағымдардың 30 пайыздан астамы ІІМ
қызметкерлерінің үстінен жазылған.
Түзету мекемелерінде азаматтар құқықтарының шектелу фактілері БҰҰ-н да
алаңдатып отыр. Осыған қатысты халықаралық ұйым өз шағымын жолдаған. Бұл туралы
бүгін Сотталғандардың құқықтарын қорғау бойынша республикалық қоғамдық кеңестің
алғашқы отырысында айтылды. 2015 жылдың ішінде қылмыстық-атқару жүйесінде адам
қорлау дерегі бойынша 640 қоңырау түскен. Бірақ сотқа дейінгі тергеу
басталғанымен, оның тек 13-і сотқа жетіпті.
Марат Қоғамов, ҚР ІІМ жанындағы
қоғамдық кеңес төрағасы:
Өткен жылдың көрсеткішімен
биылғы деректерді салыстырсақ, биыл адам қорлау бойынша 350 қылмыстық істің
тек төртеуінің сотқа жетуі, бұндай
істердің ашық тергелуінің құқықтық
негізі қалыптаспағанын көрсетеді. Аталған фактілер бойынша кінәлілердің жауапқа
тартылуы тек прокурорлардың араласуынан кейін ғана мүмкін болды.
Қоғамдық кеңеске қатысқан
белсенділер қылмыстық атқару жүйесі Әділет министрлігінен Ішкі істер
министрлігіне өткеннен кейін адам қорлау, құқтарын таптау фактілері көбейгенін
айтты. Осы жайттарды ескеріп, кеңес құзырлы министрлікке өз ұсыныстарын берді.
Оның ішінде сотталғандарды ұстау талаптарын жеңілдету де бар. Бірақ министрлік
өкілдері, ол үшін тұтас заңға өзгерістер енгізу қажет, дейді.