Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалы жемқорлықты талқыға салды

AstanaTV
15.07.2016ж. 20:00
2146
«Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалы жемқорлықты талқыға салды

Алматыда пәтер иелері кооперативтері тапқан қаражатын жасырып, оның жарияланбауына мүдделі. КСК жетекшілерінде әлі де ашықтық жоқ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында өткен қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Көктемде  қала әкімі шаһардағы осы пәтер иелері кооперативтерінің айналымында  миллиардтаған теңгенің жүргенін айтқан болатын. Алматыда 800-ден астам КСК тіркелген. Онда 5 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бүгін партия өкілдері әлі де аталған ұйымның жұмыстарына қатысты шағымдардың азаймағанын айтады. Қоғамдық кеңес мүшелері алдағы уақытта тұрғындардан жиналған қаражаттың мақсатсыз жұмсалмауын қадағалайтын механизмдерді ұсынбақшы.

Тамара Шәкірова, Алматы қаласы Жетісу аудандық жемқорлыққа қарсы қоғамдық  кеңестің төрайымы:

Тұрғын үй инспекциясының жұмысына қатысты шағым көп. Біз оны 2010 жылы құрғанымызбен, оның жұмысындағы тиімділік көрінбей келеді. Пәтер иелері кооперативтерінің тұрғындар алдындағы есеп беруі, есептік-бақылау құжаттарын тексеріп отыру керек еді. Әрбір адам өз қаржатының қайда жұмсалатынан хабары болуы тиіс.

Бүгінгі  кеңес мүшелері жергілікті полиция жұмысына қатысты да сын-пікірлері мен нақты фактілерді атады. Жақында қоғамдық ұйым мен партия өкілдері бірігіп, тұрғындар арасында жасырын сауалнама жүргізген. Нәтижесінде Алматыдағы Медеу ауданында сұралғандардың 49 пайызы учаскелік полицияға сенбейтіндерін айтқан.

Айдар Қатаев, Алматы қаласы Медеу аудандық жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшесі:

«Жас Отан» жастар қанатының көмегімен маусым айында аудан халқының арасында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Оған 1 300 респондент қатысты. Олардың арасында 38 пайызы өздерінің аудандағы учаскелік инспекторды танымайтын болып шықты. Ал 68 пайызы олардың байланыс телефондарын білгенімен, тікелей жұмыс істемегендігін айтты. Қазір осы мәселеге қатысты талдау жұмыстары жүріп жатыр. Неге олай деген сұрақтың жауабын іздейміз.

Қоғамдық кеңес өкілдері қаладағы жабайы сауда мәселесіне да назар аударып отырғандарын баяндады. Комиссия мүшелерінің арнайы есебі тыңдалды. Шаһарда  жыл басынан бері жергілікті әкімдіктердің көмегімен 30-дан астам дүңгіршек пен заңсыз  жұмыс істеген дүкендер жабылған. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ