Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Балабақшамен қамтудың тиімді жолдары қарастырылады

AstanaTV
15.07.2016ж. 20:00
2815
Балабақшамен қамтудың тиімді жолдары қарастырылады

Қарағандыда балабақша кезегінде 7 мың бала тұр. Оларды толық қамту үшін әлі 25 бақша керек. Бүгін бір топ Мәжіліс депутаты Қарағанды өңіріне жұмыс сапарымен барып, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарды аралады. 1200 орынға арналған мектеп пен 320 орындық балабақшаға барды.

Аталған нысандарда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Құрылысшылар белгіленген қарқыннан кешігіп жатқан жоқпыз деді.  Балабақшаның сыртқы әрлеуі 97 пайызға, ал ішкі жұмыстары 65 пайызға аяқталған. Ғимарат жартылай қоршалған. Ал қажетті технологиялық құрал-жабдықтардың 95 пайызы алынған. Жалпы нысан 85 пайызға дайын. Ал мектептің құрылысы 65 пайызға тамадалған. 6 бөлігінің қабырғасы тұрғызылып, төбесі жабылған. Шілде айының аяғына дейін мектепке жиһаз алынып, қажетті қондырғылар орнатылмақ. Нысандардың құрылысына депутаттардың көңілі толды. Әсіресе, қаржының мақсатты жұмсалып жатқанының маңыздылығын атап өтті халық қалаулылары.

Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Мына балабақшалардың тиімділігі өте жақсы. Сонымен қоса мынау жеке кәсіпкерлерге, яғни көп қабатты үйлердің астынан салу керек. Өйткені Қарағанды облысында 6-7 мың бала балабақшамен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан да мұның альтернативті жолдарын қарастыруымыз керек. Мұның барлығын жинақтап, мәелені Праламентте көтеретін шығармыз. 

Облысқа мемлекеттік бағдардамаларды іске асыру мақсатында өткен жылы Ұлттық қордан 24 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. 24 ірі нысанның 12-сі былтыр салынып бітіп, қолданысқа берілген. Ал қалған 12 нысанды 2016-2017 жылдары тапсыру жоспарланған. Биыл жеті нысанның құрылысы аяқталады. Қаржы қиындық тудырып отырған жоқ. Үстіміздегі жылы Ұлттық қордан мақсатты трансфер ретінде өңірге 32 млрд 968 млн теңге бөлу көзделген. Қазірде 8 миллиардтан астам сомма игеріліп үлгерген.