Бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылысқа тура бір жыл болды. Дүмпуі дүйім елді дүрліктірген жойқын жаралыстың құрбандарын ет жақындары еске алып, аза тұтты. Алапат апаттан 17 адам қаза тауып, 100 ден астам адам жараланған еді. Енді сол күннің құрбандарына арнап екі жерден есімдері жазылған ескерткішт ашылды. Бірақ, әлі күнге табылмаған сарбаз Бауыржан Дәуітбаевтың есімі еш жерде жоқ.
Бейбіт күннің құрбандарыныңы есімі жазылған ескерткіш тақтайша, екі жерден ашылды. Аудан орталығындағы ескерткішке өрт сөндірушілердің емісі жазылса, күштік құрылымдарға арналған ескерткіш әскери бөлім ішінен бой көтерді. Шараға марқұмдардың ет жақындары мен қызметтегі әріптестері қатысты. Баласынан айрылған ана, әкесінен жоғалтқан бала, жарын жоқтаған жесірдің көз жасы әлі құрғамаған.
Гүлмира БӘЙДІБЕКОВА, МАРҚҰМ КЕҢЕС ӘЛІБИДІҢ АНАСЫ:
Айдын-Күннің аманында баламыздан айрылып қыршын кетті. Бойдақ. Үйленемін деп жүр еді. Өмірінің бәрі алда еді. Ештеңке айта алмаймын басқа.
Назгүл РАХМЕТОВА, МАРҚҰМ ЕРЛАН ҚЫРҒЫЗАЛИЕВТІҢ ЖАРЫ:
Әлі күнге дейін әкелерін іздейді. Әкелерін сұрап. Ондай кезде не айтарыңды білмейсің. Кішкентайы екі жасында кетті. Биыл 3 ке толды гой. Сол кішкентайы әкесін сұрайды.
Осыдан тура бір жыл бұрын, Байзақ ауданындағы әскери бөлімінен өрт тұтанып, арты жойқын жарылысқа ұласты. Дүмпудің қатты болғаны соншалық 180 ғимарат бүлініп, Қайнар ауылы түгелімен қирап қалды. Әскери бөлімге жақын орналасқан елді мекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Бірнеше адам қаза тапты, 100 ге жуық адам түрлі дене жарақатын алды. Ал із-түссіз жоғалған әскери қызметкер әлі табылған жоқ. Сарбаздың әкесі жоғалған баласынан күдер үзбеген. Ол жауаптылардың іздеу жұмыстарына көңілі толмайды. Не өлі, не тірі екені анықталмағандықтан мемлекеттен де еш көмек алмаған. Баласының сүйегін болсада тауып беруін сұрайды.
Талғат ДӘУІТБАЕВ, ЖОҒАЛҒАН БАУЫРЖАН ДӘУІТБАЕВТЫҢ ӘКЕСІ:
Бала әлі табылмай жатыр. Аяғым таусылды мында келе беріп. Кімге баратынымды, кімге жалынатынымды білмеймін. Тауып берсін баламды қайсысы болмасын. Жан-айқайды үкімет естіп жатқан жоқ шынымды айтсам. Хотя бы өлді міні деп сүйегін көрсетсе, чтобы жүрегім орнында болатын еді.
Ал әскерилер жоғалған қызметкерлеріне қатысты еш ақпарат айтпады. Тек іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ деді. Әсскери бөлім аумағы бүгінде тып типыл. Қоймадағы жарылмай қалған оқ дәрілердің қалдықтарының көзін жою жалғасып жатыр, бұл шара қараша айының соңына дейін жалғаспақ.
Еркін ӘБСАДЫҚОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ:
От апатын кетіру үшін қаза тапқан жігіттеріміз ғой. Былайша айтқанда батырларымыз. Біздің батырларымыз. Ол өздері ұмытылмайды, өздері түгілі бала шағаларының бәріне көмектесіп тұрамыз. Әскери оқу орындарына түскісі келсе, біз жоғарғы басшылықтарға ходатайствутетеміз. Әскери оқу орындарына түсу үшін.
Бүгінде жарылыстық зардабы жойылған. Қайнар ауылы толықтай қайта салынып, жарамсыз нысандар мемлекет тарапынан жаңадан салынды. Айта кетейік бұл апаттан 159 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік нысан зардап шекті. Ал жарылыстың себебі әлі күнге белгісіз. Іс құзырлылар тарапынан тергелуде. Алғашында отызға жуық күдікті тартылса қазір олардың саны алтауға азайған. Тергеу жайы да құпия болғандықтан мамандар ақпарат бермеді.
Б. Жұмабайұлы