Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ә.Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты

AstanaTV
26.08.2022ж. 20:00
1314
Ә.Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты

Саудадағы тосқауылдарды жою, транзит еркіндігі және азық-түлік бағасын тежеу. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында осы тектес өзекті мәселелерді көтерді. Ауқымды жиын Қырғыз елінде өтті. Оған Қазақстаннан бөлек Ресей, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінің премьер-министрлері қатысты. Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкіметтері қабылдаған шаралардың нәтижесінде экономикалық тәуекелдер ішінара жойылғанын айтты. Бірінші жартыжылдықта өзара сауда көлемі ұлғайды. Қазақстанның аталған елдермен тауар айналымы 4,8%-ға өсіп, 12 млрд доллардан асқанын жеткізді. Одан әрі даму үшін бірқатар маңызды мәселелерді шешуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойды.

Т. Оспанбаева