Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өңірлерде мәжілісмендер білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және мәдениет салаларындағы мәселелерді шешуде

AstanaTV
26.08.2022ж. 20:00
1564
Өңірлерде мәжілісмендер білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және мәдениет салаларындағы мәселелерді шешуде

Оралда жол инфрақұрылымы жақсаруда. 2026 жылға қарай Алматыда 70 жаңа кәсіпорын пайда болады. Түркістан облысында 400-ге жуық ауыл баласы үшін мектеп бой көтерді. Ал, Қызылорда облысында жаңадан мәдениет үйі салынып жатыр. Мәжіліс депутаттары, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Аружан Серік сабақтайды.

Өткен жылдың күзінен бері оралдықтардан маза қашқан. Көшелердегі күрделі жол жөндеу жұмыстары көлік қозғалысын қиындатты. Қазір жоспарлы жұмыстардың 90%-ы дайын.

Дастан ШАМҰРАТОВ, ЖАУАПТЫ МАМАН:

Ендігі кезекте, таңба салу, жол белгілерін орнату секілді жұмыстар жүргізілуде. Жол құрылысынан бөлек, жаяу жүргінші жолдарды салу және арық жүйесінің құрылысы да қарастырылған. Су құбыры жұмыстары да жобаға кіреді. Объектіде 30 адам және 20 бірлік техника жұмыс жасайды. Кепілдік мерзімі - 3 жыл.

Оралда қалаішілік жолдарды жөндеу – басты мәселеге айналып отыр. Мәжілісмен Аманжан Жамалов жұмыс барысымен танысты. Бірнеше ұжыммен кездесіп олардың талап тілегін тындады.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі менің келіп отқан жағдайым - осы жол, салынып жатқан көше. Біздің партиялық сайлау уақытынды біздің партиямыздың өткізілген жол. Соны осы жылы салады деп 692 метр ұзындығы 103 миллион теңге бөлінді. Сол жол бітіп жатыр бүгін. Сапасын қарап жатырмыз. Бізде бағдарламада бар заттарға біз осылай контроль жүргіземіз.

Еліміздің батысында жол инфрақұрылымы өзекті болса, Алматыда өндіріс мәселесі күн тәртібінде. Алдағы төрт жылда Алматыда индустриялық аймақтың саны артады. Жыл басынан бері онда 4-мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Кәсіпорындардың тыныс тіршілігін мәжілісмен Сырым Адамбаев аралап көрді. Полимерлік бұйым шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.

Сырым АДАМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Міне бүгінге дейін кездесулер өткізіп жатырмын. Оның ішінде мектептер бар. Оның ішінде ауруханалар бар. Зауыттар бар, фабрикалар бар. 71 жаңа мекеме ашылу керек. 2026 жылға дейін. Қазіргі күнде 19 мекеме жұмыс істеп жатыр. 03/23 Осындай өз-өзін ақтайтын мекемелер ашылса онда біздің Қазақстанымыз дамиды. Жағдаймыз дұрысталады.

Дегенмен өңірлерде шешімін таппай жатқан проблемалар да бар.Түркістан облысы Сауран ауданында мектеп тапшы. 300 орындық жаңа мектептің пайдалануға берілмек. Депутат Дархан Мыңбай нысанның құрылыс барысымен танысып, мән-жайға қанық болды. Ол партияның сайлауалды бағдарламасында білім ошағымен қамту қарастырылғанын еске салды.

Ақмарал БАТЫРБЕКОВА, САУРАН АУДАНЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда 44 мектеп жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде жаңадан салынып жатқан 300 орынды мектеп. бізде осы Қосмезгіл елдімекенінде бір мектебіміз бар.

Асқар ИСАБЕКОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мектеп орналасқан жердің өзінен бір 200-ге жақын бала барады. Жаяу, біреулер такси жалдайды қалтасынан. Жас балалар бар лай кешіп барады, автобус жоқ.Бұл мектеп өте қажеттілік болды.

Ал Қызылорда қаласындағы Қаруылтөбе ауылында желтоқсан айында 150 орындық мәдениет үйі пайдалануға беріледі. Мәжілісмен і Ғалым Әмреев нысан басындағы қызу тірлікті бақылап қайтты. Мәдениет үйінің іргетасы сәуір айында қаланған. Құрылысшылар жұмыстың қарқынды жүріп жатқандығын айтты. Мұнда, партиялық бақылау посты да орнатылған.

Ғалым ӘМРЕЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біраз мәселелер көтеріп жатыр. Білім саласы бар, денсаулық сақтау саласы бар. Осындай негізгі, негізгі мәселелерді қарап, бірлесіп жергілікті атқарушы билікпен келісіп, шешуіміз керек.

Халық қалаулыларының жұмыс сапары елді мекендерді аралап, мәселелердің мән-жайын зерттеумен қатар, жергілікті тұрғындармен, түрлі сала өкілдерімен және жастармен кездесулермен өтті. Әрбір көтерілген мәселе жергілікті және мемлекеттік деңгейде шешілетін болады.

А. Серік