Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлікті қымбатқа сатып отыр

AstanaTV
26.08.2022ж. 20:00
1611
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлікті қымбатқа сатып отыр

«Сарыарқа» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы азық- түлікті қымбатқа сатып отыр. Әлеуметтік дүкендеріндегі тамақ бағасының кәдімгі сауда нүктелеріндегі бағадан еш айырмашылығы жоқ. Бұл туралы «Amanat» партиясының мониторинг табының өкілдері анықтады. Олар Қарағанды қаласындағы әлеуметтік павильондардағы азық- түлік бағасын бақылау жасады. Нәтижесінде оларда азық- түліктің қымбаттау ғана емес тіпті мүлде болмау фактілері байқалған. Осының салдарынан тұрғындар тарапынан шағым көп түскен.

Таңшолпан СМАЙЫЛОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен осы жердікін ғана әлеуметтік павильонды қарап отырған жоқпын. Айырмашылық жоқ бағада. Қант , сұйық май болсын, ұн болсын вообще разница бағада жоқ. Үкіметтің арзан бағада сатамыз деген сөзі ғой былай қарасаңыз. Оны сатып алушылар басқаша қолданатын шығар. Қазір сезон ғой қанттың сезоны қанттың кг-ы 875 теңге. Сонда бір қап қантты 40 мыңдай теңгеге аламыз ғой.Ұнның өзі 250 теңге.

Бағасы көтерілмеуі тиіс азық- түліктің 19 түрі белгіленген. Олар нан, май, қант, ет, астық өнімдері. Әлеуметтік дүкендерде бұл тауарлар басқа сауда нүктелерінен арзан сатылуы тиіс. Ол үшін мемлекеттен арнайы субсидия беріледі. Аманаттықтар бірқатар жеңілдіктерге қарамастан талапты орындамаған кәсіпкерлерді жауапқа тартуды ұсынды.

Меруеш БАШАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сарыарқа әлеуметтік павильоны 484 теңгеден қантты жеткіземіз деген. Міне екі апта бойы бұ жерге қант келіп жатқан жоқ. Сонымен қатар сұйық майдың литрі 698 теңгеден халыққа қолжетімді бағамен жеткіземіз деген. Өздерінің мемлекеттен алған субсидиясы бойынша орындалатын жұмыстарын орындамай отыр.

А. Қуаш