Елордада Конституция күніне орай партия белсенділері марапатталды. Салтанатты шара "AMANAT" партиясының елордалық филиалында өтті. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев пен Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Берік Жәкенов жиналғандарды құттықтады. Марапат алғандар арасында бастауыш партия ұйымы өкілдері, «Жастар рухы» жастар қанатының жастары, партия белсенділері де бар. Мақсат мерекелік көңіл-күй сыйлау болды дейді,-ұйымдастырушылар.
Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Алдымызда маңызды мерекелердің бірі конституция күні келе жатыр. Осыған орай біз бүгін партия белсенділеріне алғыс хаттар мен гүл шоқтарын үлестірдік. Оған біз қоғамдық жұмыстарда ешқандай ақысыз, қызмет етіп жүрген, өз істерінің маманы болған жандарды іріктеп алдық. Мұндай шаралар біз үшін маңызды. Өйткені Жаңа Қазақстанды біз осындай қоғамға жанашыр адамдармен бірге құрамыз.
Нұрғали КЕНЖЕБАЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
Міне осы "AMANAT" партиясымен қаншама бірлескен топтармен бірге мүшелермен бірге біз жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Сол еңбегімізді бағалап, бүгін өздеріңіз куә болып тұрсыздар Павел Казанцевтің қолынан марапат алып отырмыз. Ал енді елімізге тек қана амандық ел-жұртымыз тыныш болсын, еліміз өркендей берсін.
Б. Сатуов