Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елорданың іргесіндегі Қызылсуат ауылында мешіт ашылды

AstanaTV
26.08.2022ж. 20:00
1058
Елорданың іргесіндегі Қызылсуат ауылында мешіт ашылды

Қасиетті жұма күні Ақмола облысы Қызылсуат ауылында мешіт ашылды. Құлшылық үйіне Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының есімі берілді. Мыңға жуық тұрғыны бар бұл ауылда бұрын мешіт болмаған. Имамдылық үйі кәсіпкерлердің қолдауымен салынды. Құлшылық жасап, намаз оқитын, неке қиып, құран бағыштайтын орындары бар. Мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпақтары, демеушілік жасаған кәсіпкерлер қатысты. Бүгін алғашқы жұма намазы оқылып, уағыз айтылды.

Абай ШАРАПИЕВ, МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ҰРПАҒЫ:

Бабамыздың атын берген үлкен мақтаныш. Бабамыз бүкіл қазақ халқына қызмет еткен адам. Қазақтың ауыз әдебиетін, фольклорын қағазға қаптап, кейінгі ұрпаққа тастап кеткен адам. Сондай қуанышты сезімдеміз. Бабамыздың діни өлеңдерін, шығармаларын оқыған кейінгі ұрпаққа байлық деп есептеймін.

Т. Әлжанов