Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы жобасының сараптамалық талқылауы өтті

AstanaTV
31.08.2022ж. 20:00
1963
«AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы жобасының сараптамалық талқылауы өтті

Жаңа Саяси тұғырнама ел дамуына екпін береді. Алматыда өткен кеңесте депутаттар мен қоғам белсенділері осыны айтты. Олар ел ішінде қордаланып қалған мәселелерді қозғады. Саяси тұғырнамада көрініс табуы тиіс тақырыптарды талқылады.

«AMANAT» партиясының жаңа саяси тұғырнамасын әзірлеу биыл сәуір айында басталды. Жаңарту жұмыстары «Халық үніне құлақ асатын партия» форматында жүргізіледі. Саяси шолушы Никита Шаталов, тұғырнамада қоғамның ілгерілеуіне ықпал ететін құндылықтар белгіленетініне тоқталды.

Никита ШАТАЛОВ, САЯСИ БАҚЫЛАУШЫ:

Бірінші кезекте әлеуметтік жаңғырту мәселесін қолға алуымыз керек. Ол біздің мемлекетімізге аса қажет. Олар халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, ел экономикасын көтеру мәселелері. Бұл олқылықтар болмас үшін еңбектенуіміз тиіс.

Мәжіліс депутаттары мен тәуелсіз сарапшылардың басын қосқан кездесуде қоғамдағы өзекті мәселелер де талқыланды. Әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды жиналғандар жіпке тізді.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Аманат» партиясының негізгі ұстанымы бізге шынайылық керек. Бағдарлама ол біздің негізгі құндылықтарды, өткен тарихи жолымызды. Аманат партиясының мүшелері партияға не үшін кіреді, қандай құндылықтардың түбінде бірігеді, біздің басқадан айырмашылығымыз неде, болашақтағы образымыз қандай деген сұрақтарға жауап беретін кешенді нақты осындай құжат.

Партия бұқара базынасына құлақ түретін, мұң-мұқтажын елеп-ескеретін партия болуы тиіс. Ол үшін жаңа саяси тұғырнаманы бірігіп жасақтау қажет деді – жиналғандар.

Эдуард ПОЛЕТАЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Саяси тұғырнама сайлауалды бағдарламаға ұқсамайтын жаңа саяси құрал. Тұғырнама негізінде Қазақстан халқы партияның негізгі мақсаты мен міндетін білетін болады.

Партиялықтар аталған пікірлерді ескере отырып, ұзақ мерзімді құжат әзірлемек. Қорытындысы осы күзде республикалық партия конференциясында талқыланады.

Ә. Лесбек