Елордада 60-қа жуық грант аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға үлестірілді. Оны қалалық мәслихат депутаттары мен "AMANAT" партиясының "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері табыстады. Білім грантына ие болғандар техникалық және педагогикалық мамандықтар бойынша білімін жетілдіруге мүмкіндік алды. Грант иегерлерінің арасында жастар қанатының белсенділері де бар. Олар өздерінің белсенділіктері үшін осындай мүмкіндікке ие болып отыр деді,-ұйымдастырушылар.
Ерлан КАНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Өткен жылы біз гранттарды 30 балаға үлестіргенбіз. Биыл бізде көрсеткіш 60-қа көбейді. Негізінен, бұл қала нарығына қажет мамандықтар. Бұл техникалық мамандықтар, педагогикалық мамандықтар.
Мағзұм АРСЛАНБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ:
Менің ойымша, біз жастарды патриотизмге үйретіп, оларды қандай да бір жолмен жігерлендіруіміз керек. Менің ойымша, ең дұрыс ынталандыру-бұл білім беру саласы. Біз жастарымызға білім гранттарын үлестіреміз.
Б. Сатуов