Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясы 42 мың баланы қамтыды

AstanaTV
31.08.2022ж. 20:00
1282
«Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясы 42 мың баланы қамтыды

Ел аумағын қамтыған «Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясы, 42 мың баланы қамтыды. «AMANAT» партиясының қолдауымен өңірлерде өткен шара барысында оқушыларға мектеп формасы, оқу құралдары таратылды. Айта кетейік, аталған акция он екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.

Қарағанды облысында 4 мыңға жуық мектеп оқушысы акцияның шапағатын көрген. Дені көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары. Тіпті партияға көмек сұрай барғандарға да қажетті құрал-жабдықтар берді.

Гүлнар СЕЙІТОМАР, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Мен осы «Amanat» партиясына жүгінген болатынмын көмек сұрап көмектесіп жатыр бізге. Жақсы көмек болып жатыр. Бәрі қымбат, мен например канцтауарларды әлі ала алған жоқпын».

Дәл осылай көмек сұрап барған ақтөбелік Зина Күнтубаева да партияға дән риза. Ол қызы дүниеден өткен соң, жиендерін өз қамқорлығына алған екен.

Зина КҮНТУБАЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қиын қыстау ковид кезінде қызым қайтыс болып екі бала менің қолымда қалды. Мен осы екі жеті бұрын «Аманат» партиясынан келіп көмек сұрадым. Өйткені балаларым мектепке баратын болып өз ақшам жетпеді. Зарплатам. Рахмет көп көп өсе берсін, өне берсін.

Дәл осындай көмек өңірдегі 1500 балаға жасалмақ. Оларға мектеп формасы, спорт киімін алу үшін қаржылай көмек және оқуға қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.

Ербол ДАНАҒҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл жерде бізге көмекке «АМАNAT» партиясының облыстық маслихат, қалалық маслихат депутаттары көмектерін беріп жатыр.

«Мектепке жол» акциясына «AMANAT» партиясының аймақтардағы ірі кәсіпорындардың бастауыш партия ұйымдары белсене атсалысып жатыр. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» бастауыш партия ұйымы 100 балаға қуаныш сыйлады.

Бақыт ӨТЕБАЛЫ, «АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ» БПҰ ТӨРАЙЫМЫ:

Бүгінгі сертификатымыз 2 млн теңгеге шығып отыр. Осының алдында «AMANAT» партиясымен бірге 10 балаға 25 мыңның сертификатын табыстадық.

Төрт баланың анасы алматылық Айдана Қапсалямова да шапағаты мол акцияның шарапатын көрді. Оның тұңғыш қызы биыл бірінші рет мектеп табалдырығын аттағалы отыр. «Бұл біз үшін үлкен көмек»,- дейді көпбалалы ана. Сонымен қатар, партияның қолдауымен «Білімге құштар - Балдырған» қайырымдылық шарасы да ерекше деңгейде өтті. Шара аясында "Өмірді сүй" қазақ мүгедектер қоғамының өтініші орындалды. Олар «AMANAT» партиясының қалалық филиалына жүгінген.

Анар ХАМИТЖАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Спорттық киім мен кроссовкилар алып отырмыз. Және басқа да портфель, оқу құралдар алып... Рақмет көп-көп оларға. Көпбалалы аналарға, бізге де көмек. Оқу жылында бәрі қымбаттап жатыр.

Аталмыш шара қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысумен өткен мерекелік кешпен аяқталды.

Г. Сейтенова