Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандыда заманауи мектеп- гимназия ашылды

AstanaTV
01.09.2022ж. 20:00
1562
Қарағандыда заманауи мектеп- гимназия ашылды

Қарағандыда қазақ тілінде білім беретін заманауи мектеп- гимназия ашылды. Оның құрылысына 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

Құрылыс жұмыстарын «Amanat» партиясының мүшелері мен депутаттар бақылаған еді. Қаланың 11А ықшам ауданының кішкентай тұрғындары алғашқы қоңырау мерекесін су жаңа мектепте қарсы алды. Бұл маңайда қазақ мектебі болмаған, ал аралас мектептерде оқушы көп болғандықтан 3 ауысыммен оқитын. Кейбірі басқа аудандарға қатынап келді. Су жаңа ғимаратта сынып бөлмелерінен бөлек, арт студия, хайтек кабинет, аити, медиаклубтар бар. Сонымен бірге үлкен футбол алаңы салынған. Аулаға 200 ағаш отырғызылған.

Есентай ӘШІМ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

600 орындық мектепте сондай қажеттіліктің артқанына байланысты 720 бала білім алуға 1- інші қыркүйекте келіп кірді. Бұл мектеп гимназия бағдарламасымен оқытылады. Мектептің ерекшелігі қазіргі кезде оқытылатын функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған барлық қажетті зертханалармен жабдықталған.

Айжамал БЕКМАҒАМБЕТОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жаңа Қазақстанымызға білімді саналы азамат керек болғаннан кейін осы  мектепке балбақшадан немеремізді әкеліп отырмыз. +Басқа мектептер бар болғанмен бұл үйге жақын, әрі қолайлы жер болғаннан кейін әкелдік немеремізді. Қуаныштымыз әрине.

А. Қуаш