$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Биылғы президент жолдауы халықтың жыртығына жамау болды, - мәжіліс депутаты

AstanaTV
02.09.2022ж. 20:00
1538
Биылғы президент жолдауы халықтың жыртығына жамау болды, - мәжіліс депутаты

Қазақстанда сән-салтанатқа салық енгізіледі. Бәріне бірдей емес, бұл – тек қымбат дүние-мүлкі бар адамдарға қатысты. Әрине, бай болуға шектеу жоқ. Бірақ заң алдында салық төлеу - міндетті. 2023 жылы фиксалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін жаңа Салық кодексі әзірленеді.

Ернұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Расында да, бұл өте бір жүйелі мәселе. Бұған асықпай, абдықпай барлық әлемдегі дұрыс форматтардың бәрін зерделей келуіміз қажет. Өйткені, кез-келген бай азамат, қаражаты бар азамат салық төлеуден қашпайды. Оның басты принціпі бақылаудан қорқады. Бұл бір бақылаудың принціпіне ауысып кетпеу керек.

Сонымен қатар келесі жылдан бастап ауыл медицинасын дамытуға екпін берілмек. Қазір елді мекендерде медициналық нысандар мен кадрлар жетіспейді. Қажетті қондырғылар да жоқтың қасы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, 600-ден астам медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынбақ. Олардың барлығы заманауи қондырғылармен қамтылады.

Гүлдара НҰРЫМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

32 аудандық көпсалалы ауруханалар ашылады деп өз жолдауында айтты. Реаномационный отделениемен, инсультный центрлермен, барлық медициналық жабдықтармен. Ол енді біздің ауылдық тұрғындарға қолжетімді, сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.


А. Задабек