Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президент жолдауы саяси реформалардың жалғасы,-сарапшы

AstanaTV
02.09.2022ж. 20:00
1162
Президент жолдауы саяси реформалардың жалғасы,-сарапшы

Жолдау елде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың логикалық жалғасы. Сарапшы Әсел Назарбетова осындай пікірде. Оның айтуынша, Президент сайлауы мен оған қатысты өзгерістердің орын алуы заңды. Өйткені конститциялық реформалардан кейін, Президенттің мандатын шектеудегі кейбір өзгерістер орынды деп санайды. Әсіресе әлеуметтік саладағы тың жаңалықтар көп деп отыр. Мұндай өзгерістер бұрын соңды болмағанын айтады.

Әсел НАЗАРБЕТОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Бұл әрине осы елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың логикалық жалғасы деп айтуға болады. Бұл енді қазіргі таңдағы әлеуметтік саладағы алғашқы жақы бір, жағымды қадам деп айтуымызға болады. Ауылды жерлердің яғни инфрақұрылымын көтеруге де көп мәселелер көтерді. Ол жердегі яғни медицина саласын дамыту, денсаулық сақтау мекемелерінің жәй-күйін жақсарту.

Б. Сатуов