$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Тағы 50 алматылық бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілді

AstanaTV
02.09.2022ж. 20:00
1408
Тағы 50 алматылық бала оқу құралдарымен қамтамасыз етілді

Алматыда тағы 50 оқушыға оқу құралдары табысталды. Бұл шара «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында жүзеге асты. Балаларға базарлықты бұл жолы «AMANAT» партиясының мүшесі, кәсіпкер Сабыржан Зайнидинов дайындаған. Мектеп формасы, оқу құралдары салынған сөмкелер, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға берілді.

Сабыржан ЗАЙНИДИНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ, КӘСІПКЕР:

Балаларға жасап жатқан игі істеріміз еліміздің болашағына салынып жатқан инвестиция деп есептеймін. Мектепке керек құрал-жабдықтары бар, сөмкесі бар, формасы бар, басқа да заттары бар соларды тапсырдық. Бұның алдында 100 балаға тапсырған болатынбыз.   

Айта кетейік, аталған акция елімізде он екінші жыл қатарынан өтті. Шара барысында мегаполисте жалпы саны 3000-ға жуық бала оқу-жабдықтарымен қамтасыз етілді. Алматылық Қанат Семсердің үш баласы бар. Екеуі-мектеп оқушысы. Бүгін ол қайырымдылық шараның шапағатына ие болды.

Қанат СЕМСЕР, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Семьямда 3 бала-шағам бар. Сіздерге рахмет қолын-ұшын созып көмектесіп жатқан. Партияға рахмет. Мектеп құралдары формасы бар, костьюмі бар, сөмке, дәптер, ручка дегендей сол жағынан көмек беріп жатыр. Үлкен рахмет айтамыз.

Ә. Лесбек