Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

LRT құрылысы екі жылда бітуі мүмкін

AstanaTV
02.09.2022ж. 20:30
1406
LRT құрылысы екі жылда бітуі мүмкін

Қаржыдан қиындық болмаса, елордадағы LRT құрылысы екі жылдың ішінде бітуі керек. Мұны шаһар басшысы Алтай Көлгенов айтты. Құрылысты аяқтау үшін 577 млн доллар қажет деді. Әкім оның 20 млрд теңге - алғашқы траншы бөлініп қойғанын жеткізді. "Жыл соңына дейін ақшаның тағы бір бөлігі түседі деп күтіп отырмыз. Құрылысты қытай консорциумы жалғастырады, олар нысанды екі жылда тапсыруға уәде берді" -  деді шаһар басшысы. Әкімдіктің болжамы бойынша, LRT-ны күтіп-ұстауға жыл сайын 4 млрд теңге керек. Жеңіл рельсті көлікте жүру ақысы автобус билетінен әлдеқайда қымбат болады.