Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ақтөбе облысында аң аулап жүрген полицей танысын атып алған

AstanaTV
05.09.2022ж. 20:00
1001
Ақтөбе облысында аң аулап жүрген полицей танысын атып алған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында полиция қызметкері аң аулауға барып, адам өлтіріп алған. Мұны облыстық полиция департаменті растады. Істі ішкі қауіпсіздік басқармасы тергеп жатқанын айтты. Хромтау полиция бөлімінің қызметкеріне қатысты, Қылмыстық кодекстің  «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бабымен іс қозғалған. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқ тиген ер адам оқиға орында жан тапсырған.

Б. Рақметова