Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шымкентте мектеп қызметкері ноутбуктер мен компьютерлерді сатып, құмар ойынға салған

AstanaTV
05.09.2022ж. 20:00
1563
Шымкентте мектеп қызметкері ноутбуктер мен компьютерлерді сатып, құмар ойынға салған

Шымкентте мектеп қызметкері білім ошағына тиесілі ноутбуктер мен компьютерлерді сатып жіберген. Құмар ойынға салынған 28 жастағы жігіт 150 ноутбук пен 8 компьютерді ломбардқа арзан бағада өткізіп, олжасын букмекерлік кеңселерге салып келіпті. Іс Әл-Фараби аудандық соты қарады. Сот төрағасының мәліметінше, қылмыс биыл қаңтар айынан басталып, мамырға дейін жалғасқан. Ол мектептің мүлкін шетінен жасырын алып шығып отырған. Жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам материалдық шығын келген.

Еркебұлан ТӨЛЕШОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жайынбаев ҚК 189 баптың 4-ші бөлігі 2-ші тармағымен кінәлі деп танылды. Яғни сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру деген бап бойынша кінәсін толық мойындады. Шын ниетпен өкінді. Алайда келтірген шығынды қайтарған жоқ. Сол себептен осының бәрін ескере келе сот оған осы баппен 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Толқын АЮБАЕВА, А. АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ №77 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Өзінің сондай жымысқы әрекетін асыра пайдаланып отыр. Ол мемлекеттің мүлкі. Сол себептен оны қазір сот түгелімен қайтаруды талап етіп отырмыз біздер жәбірленуші ретінде.


Аталған білім ұясына пандемия кезінде 400-ден астам ноутбук алынған екен. Соттың дерегінше, сотталған мектепке жұмыспен қамту бағларламасы арқылы жұмысқа орналасқан. Жабдықтау жөніндегі инженер болып жұмысқа қабылданған. Лицей директоры осыншама компьютердің қолды болғанын оқу жылының соңында мектеп мүлкін түгендеу кезінде анықтаған.

А. Төребекқызы