Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Студенттік жатақханалардың жағдайы көңіл көншітпейді

AstanaTV
05.09.2022ж. 20:00
1190
Студенттік жатақханалардың жағдайы көңіл көншітпейді

Бас қаладағы студенттік жатақханалардың жағдайы мәз емес. Бөлмелер қараңғы, жиһазы ескі, ал жуынатын бөлмеде ыстық су жоқ. "AMANAT" партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері, тексеруге барған жатақханалардың бірінде осындай көріністің куәсі болды.

Бір қызығы, белсенділер бұл жатақханаға 20 күн бұрын бас сұғып, нысан иесіне кемшіліктерді көрсетіп кеткен. Ол кезде қожайыны каникулды сылтау етіп, бірінші қыркүйекке дейін сақадай сай боламыз деп уәде берген. Алайда, содан бері ештеңе өзгермепті.  

"Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев мониторинг кезінде студенттер арасында сауалнама жүргізілгенін айтты. Қатысушылардың 90 пайызы жатақханадағы жағдайды орташадан төмен деп жауап берген. Белсенділер жатақханаларды аралауды әлі жалғастырмақ. Елімізде 90 мыңға жуық студентке жатақханадан орын керек. Ал, Нұр-Сұлтанда 17 мың орын тапшы.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Нақты осы жатақхана бойынша "AMANAT" партиясының жастар қанатының мониторингі аясында біз мемлекеттік органдарға жүгінетін боламыз, шешім қабылдау бойынша. Бұл жерде, өйткені, 5 арнайы орта оқу орындары, біршама жас азамат оқып жатыр. Жалпы, қауіпсіздік мәселесі бар, тазалық мәселесі бар. Стандартты, тұруға жайлы, қажетті заттарды ұйымдастырмағанының өзі меніңше бұл жатақхана басшыларының немқұрайлы қарағаны.

Г. Сейтенова