Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алдағы үш жылда 800 мыңнан астам оқушы мектеппен қамтылмақ

AstanaTV
06.09.2022ж. 20:00
856
Алдағы үш жылда 800 мыңнан астам оқушы мектеппен қамтылмақ

Қазақстанда алдағы үш жылда 800 мыңнан астам оқушыға мектеп салынады. Осылайша үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы шешіледі. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жоспарымен бөлісті. Жоба аясында ашылатын мектептерде оқу зерханалары, робототехника кабинеттері мен спорт залдары болады деп жоспарланып отыр. Елорданың өзінде алдағы жылы 20 білім ошағының құрылысы басталмақ. Олардың әрқайсысы 2 мың орынға арналған.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Бұл Ұлттық жоба – шын мәнінде ерекше. Өйткені, мектептер жаңа тәселмен, жаңа талаптарға сәйкес, барлық біздің мемлекеттік стандарттағы талаптарды орындап, соған сәйкестендіріліп салынады. Әрине, бұл – балаларға білім беру сапасын көтеруге, жалпы қолайлы жағдай жасауға үлкен септігін тигізеді.

А. Задабек