Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елорда жастары Президент жолдауын талқылады

AstanaTV
06.09.2022ж. 20:00
1446
Елорда жастары Президент жолдауын талқылады

Eлордада Президент жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті. Шараға колледж студенттері, ЖОО білім алушылары мен әр мекемеден жиылған еріктілер қатысты. Өскелең ұрпақтың Жолдау жайлы пікірі қандай? Келесі бейнематериалда.

Сапалы білім, жан-жақты даму, жұмыс, баспана. Жастарды алаңдататын негізгі мәселелер. Президент жолдауында бұл тақырыптар назарсыз қалмады. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың әл-ауқаты мен тұрмыс-табысын өсіру мақсатында біршама ұсыныстар білдірді. Бұл өзгерістерді жастар қалай қабылдады? Жиынның мақсаты да осыны анықтау. Елордалық білім алушылар кеңінен талқылап, пікір алмасты.

Арайлым САПАРӘЛІ, "АСТАНА ЖАСТАР" ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

18 жасқа дейінгі балаларға арналған Ұлттық қордың жастар арасында кең ауқым алып кетті. Бұл жастарға, жалпы қазіргі өскелең ұрпаққа, жалпы қазақстандықтарға күтпеген жаңалық болды. Және жастардың да бұл жерде өздеріне керегін алып, сұрақтарына жауап табады деген ойдамыз. Сол мақсатта біз бүгін жиналдық, сол мақсатты талқылау үшін.

Әсіресе, білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие берілуі, жалақының көтерілуі, жәрдемақы беру мерзімінің ұзаруы, жатақхана мәселесіне мемлекет тарапынан қолдау жасалуы және 100 мыңға жуық жастардың жұмыспен қамтылуы жастар арасында қолдау тапты.

Дәулет ЖОРАБЕК, СТУДЕНТ:

Менің ойымша, осы өзгерістер Президенттің қолдауына байланысты көптеген әсерлер әкеледі біздің халқымызға және Қазақстанға. Мен осы Қазақстанның ұрпағын алдыға көтергім келеді. Сол себепті өзімнің де еңбегімді қоса аламын.

Бүгінде жастардың алдында үлкен міндеттер тұр. «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі»,- деп Мемлекет басшысы да ерекше атап өтті. Жаңа шешімдер мен арнайы бағдарламалар жастардың болашаққа нық сеніммен қадам басуына әсер етері сөзсіз.

А. Серік