Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Сібір жарасы жұқпасынан қаза тапқан 51 жастағы павлодарлық уақытында дәрігерге қаралмаған

AstanaTV
18.07.2016ж. 20:00
2050
Сібір жарасы жұқпасынан қаза тапқан 51 жастағы павлодарлық уақытында дәрігерге қаралмаған

Сібір жарасы жұқпасынан қаза тапқан павлодарлық дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгінсе, аман қалар еді. Бұл жайында бүгін арнамыздың тілшілеріне берген сұхбатында аймақтағы жұқпалы аурулар ауруханасы өкілдері мәлімдеді. Бас дәрігердің орынбасары Зере Садақованың айтуынша, 51 жастағы азамат ауру сиырды сою кезінде қолын бірнеше жерден жарақаттап алған. 

Зере Садақова, Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Ол маусымның 28-інде малды союға қатысқан. Бірақ араға 10 тәулік салып, 8 шілдеде ғана дәрігерлерге жүгінген болып отыр. Оның өзіне безі шошынып, тыныс алуы қиындаған соң ғана барған. Егер медициналық мекемеге ертерек келсе, аман алып қалуға мүмкіндік болар еді. Дегенмен, бұл жайт әу бастан емдеуге жағымсыз жағдайда болғаны рас.

Шілденің 8-сінде «сібір жарасы» диагнозымен Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына Ертіс ауданы, Ұзынсу ауылының үш тұрғыны жатқызылды. Дәрігерлер екеуінің денсаулығы орташа, ал бір науқастың хәлін «ауыр» деп бағалады. Дәрігерлердің айтуынша, соңғысының бауыр және бүйрек аурулары қозып, жағдайын нашарлатқан. Медициналық мекемеде жатқан қалған екі науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Ақ халаттылар олардың денесіндегі жаралар қара қотырланған кезде ауруханадан шығарылуы мүмкін,- деді.