Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордада «Қостанай, біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтті

AstanaTV
07.09.2022ж. 20:00
1287
Елордада «Қостанай, біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтті

Бүгін Елорда да «Қостанай, біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтті. Шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері Қостанай облысының тұрғындарына 40 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Онда: тұрғындарға қажет деген тұрмысқа қажетті заттардың барлығы бар.

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық акциясына бастамашы болды. Оған елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Қазақстан Халық Ассамблея Кәсіпкерлер қауымдастығы, сондай-ақ меценаттар, бизнесмендер және қала тұрғындары белсенді қатысты. Тіпті кәсіпкерлер Қостанай тұрғындарына, ақшалай да, үй жағынан да көмектесуге дайынбыз деп отыр.

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Нұр-Сұлтан қаласының атынан 40 мың тонна гуманитарлық көмек көрсетіп жатырмыз. Жексенбіден бастаған акция әлі де өз жалғасын табуда. Қазір мұнда қарапайым адамдарда өз көмегін көрсетіп жатыр. Тіпті арасында қарияларда келіп жастық сатып алып, соны бізге табыстап жатыр. Барлығына алғысымыз шексіз.

Айта кетейік, Қостанай облысына көмек жинау пунктілеріне келушілердің қатары сейілген жоқ. Өзге де ұлт өкілдері де белсенді. Ассамблея мүшесінің айтуынша, олар жыл сайын қазақстандықтарға көмек көрсетеді.

Хасан ШАРИПОВ, ҚХА МҮШЕСІ, «ДУСТЛИК» ҚР ӨЗБЕКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Нұр-Сұлтан қаласынан көмегімізді беріп жатырмыз, Қостанай облысына, біздің бауырларымызға көрпе жастық бәрі қолымыздан келгенше көмегімізді беріп жатырмыз.

Зардап шеккендер үшін жалпы сомасы 14 млн. теңгеден астам азық-түлік, төсек-орын жабдықтары мен бірінші кезекте қажетті заттар жіберілді. Биыл Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл басынан бері 22 қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, оның көмегімен жалпы сомасы 24 млн. теңгеге 1000-нан астам жанға жәрдемдескен.

Ә. Дүкембаева