Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге баспана салуға 2,3 млрд теңге бөлінеді. Демек әр үйге 25 млн теңгеден келеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Оның есебінше бұл қаражаттың ішінде инфрақұрылым да бар. Сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп, жол салынатын болады,- деді. Сонымен қатар үй салынатын әр учаске 10 сотықтан болады. Үйдің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрамақ.
Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінен бірінші бюджеттік өтінім келді. Осы бюджеттік өтінімге сәйкес 2,3 млрд теңге Үкімет резервінен бөлінеді. Бұл нысаналы қаражат. Ол үй құрылысына жұмсалады. Бүгінгі есептеулерге сәйкес, бұл қаражат 91 үй салуға бөлініп отыр. Әр үйге шаққанда 25 млн теңгеден келеді.
Ә. Лесбек