Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

БҚО-да мобильді қабылдау жұмысы жалғасып жатыр

AstanaTV
09.09.2022ж. 20:00
1423
БҚО-да мобильді қабылдау жұмысы жалғасып жатыр

Орал қаласының іргесіндегі Подстепное ауылы тұрғындарын жол мен ауыз су мәселесі мазалап отыр. Халық саны жыл санап көбейіп жатқан  елдімекенде сондай-ақ мектеп жетіспейді. Қазір балалар үш ауысыммен оқып жатыр.  "AMANAT" партиясының мобильді қабылдауына келген жұртшылық  осындай мұң-мұқтажын жеткізді.

Оралдан он шақырым жердегі ауыл тұрғындарын ауыз су мен жол мәселесі толғандырып отыр. Өйткені ой-шұқырға толы жолмен көлік түгілі, жаяу жүру қиын.
 
Мұса НҰРҒАЛИЕВ, ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына 8 көшеге ПСД дайын дейді. Бірақ қаражат мәселесіне келіп тіреледі. Енді түсінік алдым. Оның жолдары бар екен, мына су кетіп қалу керек, оның бәрі отыруы керек. Содан кейін жол болады.
 
Әсия Меңдіғалиева - төрт баланың анасы. Аядай үйде тұратын көпбалалы отбасы  көмекке  мұқтаж.  
 
Әсия МЕҢДІҒАЛИЕВА, ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жолдасым тек қана охранда жасайды. 40 мың теңге табады. Үш бөлмелі үйде тұрамыз құртақандай, төрт баламенен. Баламның жұмысын қысқартып тастаған. Бұрын 70 мың тг алатын еді, қазір 35 мың алады дейді.

15 мың халқы  бар ауыл мектебінде сабақ үш ауысыммен жүреді.  345 орындық білім ошағында мыңға тарта оқушы оқиды. Бұл да мобильді қабылдауда айтылды.  "AMANAT" партиясының батысқазақстандық филиалы ұйымдастырған  кездесуде көтерілген  мәселелер біртіндеп шешімін табады. Мектеп құрылысы келер жылға жоспарланған.   Ал жол саламын деп өз міндетін орындамаған мердігердің шаруасымен енді партия   айналысады.
 
Мұрат МҰҚАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Партияға жүктелген мақсат – бұл ауыл тұрғындарын, жалпы тұрғындардың барлық мұң-мұқтаждығын орындап, барынша қолымыздан келгенше шешу. Бірқатар мәселелер мысалы аяқ астынан шешіліп жатырған жағдайлар бар. Ұсақ-түйек мәселелерді біз келіп шешіп кетуге тырысып жатырмыз. Бірақ құрылыс немесе жол не болмаса мектеп секілді күрделі мәселелерді біз өзіміз болашақта шешуге тырысамыз.
 
Бұған дейін   қырық шақты ауылда қабылдау жүргізілген. Онда айтылған мәселелер назардан тыс қалмайды дейді аманаттықтар.   
 
Е. Карин