Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Тараздағы жыры бітпейтін 15 мөлтек ауданының тұрғындары тағы да шу шығарды

AstanaTV
09.09.2022ж. 20:00
2535
Тараздағы жыры бітпейтін 15 мөлтек ауданының тұрғындары тағы да шу шығарды

Тараздағы жыры бітпейтін 15 мөлтек ауданының тұрғындары тағы да шу шығарды. Олар мемлекеттік бағдарламамен салынған баспаналарына тұрмаймыз деп отыр. Өйткені құрылыстың сапасына көңілдері толмайды. Кем кетігі көзге көрініп тұрған нысанды қалалық әкімдік қалай қабылдап алағандарына аң-таң. Жұрт коммуналдық қызметтері толық қосылмаған үйдің кілтін берген шенеуніктердің әрекетін түсіне алар емес.   

Жергілікті билік ең ірі мөлтек аудан деп мақтанатын бұл мекенде шағам көп. Мына бас көтерген бұқара 35-ші үйдің тұрғындары. «Нұрлы жер» бағдарламасымен ипотекаға алған үйдің сапасын сынға алды. Қарапайым құлыптың өзін дұрыс салмаған мердігер бізді мазақ етті дейді. Енді бұл нысанды бір жыл бұрын қабылдап алған қалалық әкімдікке, кілттерін қайтарып береміз деп отыр

Ақбота АТАБЕКОВА, ТҰРҒЫН:

Әр домда люк сасиды да жатады. Неге сасиды өйткені дұрыс қазбаған. Ал неге дұрыс қазбаған үйткені үй дұрыс салынбаған.

Асылзат ҚАБЫЛБЕКОВА, ТҰРҒЫН:

Есіктер барлығы шұрық тесік, плинтустардың барлығы есік ашылса линолеум бірге жыртылып ашылады түгел. Терезелерінің барлығы сынып жатыр, есіктері как попала, ручкаларын теріс салып кеткен былай.

Мөлдір ДОНАСОВА, ТҰРҒЫН:

Құбырлары сыртында шашылып жатыр, газовый трубаларды мынандай-мынадай арматурамен іліп үйдің ішіне әкеп қойған. Стена құлап жатыр, линолеумдарын білмеймін, ондай линолеум еш жерде сатпайды. Оны қайдан әкеліп жамап-жамап қойып қойғанын білмеймін.


Жиналған көпшіліктің жіпке тізген кемшіліктерінен жергілікті атқамінерлер хабардар. Мердігер, жіберген кем-кетігін өз мойнына алатынын айтады.

Шыңғыс АЛИАСҚАР, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қыбарғаларының кішкене жарықшалары бар, жаңа көрсетіп жатқандай есіктің ручкаларын қисық орнатқан жәнеде линолеум. Үйдің келісім шарты бойынша 5 жыл кепілдігі бар. Сол кепілдік аясында мердігір мекеме кем-кетіктерін түзету жұмыстарын бастайды. Проблема енді қашан шешіледі? Проблема түбегейлі осы 1-2 аптаның ішінде шешіледі.

Жұрттың жүйкесін жұқартатын жайттар шағын ауданда шаш етектен. 15 мөлтек ауданының салынып жатқанына 6 жылға жуықтасада әлі күнге дейін бірде-бір балабақша бой көтермеген. Ал мектеп атымен жоқ. Жолы шұрық тесік болғандықтан, жұрт қоғамдық көлікке қол жеткізе алмай жүр.

Б. Жұмабайұлы