$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны-жас",- Е.Бейсенбаев

AstanaTV
09.09.2022ж. 20:00
1393
"Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны-жас",- Е.Бейсенбаев

«AMANAT» партиясының орталық аппаратында «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «BIR TOLQYNDA» диалог алаңының отырысы өтті. Шараға жиналғандар  Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.  Оның ішінде жас ұрпаққа қолдау көрсету, білім деңгейін арттыру  мәселелерін тілге тиек етті. Мәжіліс депутаты, «AMANAT»   фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, еліміздегі әрбір тұрғынның үшіншісі-жас. "Сондықтан Әділетті Қазақстан  құру ісінде әрбір жастың   үлесі маңызды" дейді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында жас ұрпаққа ерекше назар аударды.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қазіргі таңда еліміз бойынша 70 мыңнан астам гранттар бөлінеді. Мемлекеттік гранттар. Көптеген еуропаның дамыған мемлекеттерінде бұндай гранттар жоқ. Біріншіден сіздерге берілген үлкен мүмкіндік болса, екіншіден мемлекет үшін жауапкершілік.

А. Базарбай