Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада этноауыл бой көтерді

AstanaTV
12.09.2022ж. 20:00
1031
Елордада этноауыл бой көтерді

Осы аптада елімізде Дәстүрлі және әлемдік діндер лидерлерінің VII съезі өтеді. Оған 50 мемлекеттен 100-ден астам делегация қатысады деп жоспарланған. Съезге Рим папасы Франциск те келеді деп күтіліп отыр. Әлемдік және дәстүрлі діндер  лидерлерінің басқосуына Елордада қызу дайындық жүріп жатыр. Этноауыл бой көтерді. Бүгін «Ұлы дала сазы» атты этнофестиваль басталды. Шара 5 күнге жалғасады.

Нұран КАМЗИН, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


12-16 қыркүйек күндері аралығында бәйтерек монументі алаңында «Ұлы дала сазы» атты этно-фестиваль өтеді. Ауқымды мәдени шара заманауи этникалық жанрда болмақ. Фестивальді өткізудегі мақсат– туристерді қазақ мәдениетімен таныстырады.

Б. Сатуов