Рим Папасы Франциск мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Қадірлі қонақты әуежайдан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Қарсы алу рәсімі барысында бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Мұнан соң мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды. Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы шағын құрамда келіссөз жүргізді. Рим Папасының Қазақстанға сапары – аса маңызды оқиға. Бұл сапардың рухани әрі саяси мәні бар. Ертең Рим католиктері шіркеуінің басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VII съезінің ашылуына және пленарлық мәжілісіне қатысады деп жоспарланып отыр. Рим Папасы сапарының соңғы күні съездің жабылуына қатысып, қорытынды декларацияның қабылдануына қатыспақ. Рим Папасын көру үшін Қазақстанға, әлемнің түрлі елінен 3 мыңға жуық адам келеді. Айта кетейік, Католик шіркеуінің басшысы Қазақстанға осымен екінші рет келіп отыр.
Т. Әлжанов