$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Конституцияға түзетулер Президент сайлауына дейін қабылдануы тиіс,-Е.Жиенбаев

AstanaTV
13.09.2022ж. 20:00
1143
Конституцияға түзетулер Президент сайлауына дейін қабылдануы тиіс,-Е.Жиенбаев

Бір реттік Президенттік мерзім депутаттардың ұсынысы бойынша, күздегі сайлауға дейін енгізілуі мүмкін. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев, мәжілісмендер Конституцияға қандай түзетулерді қабылдауды ұсынғанын түсіндірді. Ол Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын еске салды. Ондағы маңызды саяси бастамалар қатарында Президенттің мандатын қайта сайлау құқығынсыз жеті жылға созылатын бір мерзімге шектеу туралы ұсынысына тоқталды. Депутаттары осыған қатысты түзетулерді Конституцияға енгізу мәселесін жеделдетуді ұсынған.

Ержан ЖИЕНБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа нормаларды Президент сайлауына дейін қабылдаған жөн. Әйтпесе, Конституцияның қазіргі ережелері бойынша осы күзде Президент болып сайланатын адамға жеті жылдық мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік беретін заңды жағдайлар туындауы мүмкін. Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін Конституцияға түзетулер енгізу қажет. Осыған байланысты, Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен тиісті Заң жобасы әзірленді. Заң жобасында Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі туралы және оның бір реттен артық сайлана алмайтыны жөніндегі нормаларды кейін өзгертуге жол бермейтін ереже енгізу де көзделген.

Ә. Дүкембаева