Мәжіліс депутаттары Конституцияға өзгерістерді сайлау өткеннен кейін емес, оған дейін енгізуді ұсынып отыр. Айтуларынша, егер алдағы сайлау Конституцияның қазіргі ережелерімен өтетін болса, биыл сайланған басшы 5 жылдан кейін қайтадан екінші рет сайлану құқығына ие болады. Ал, бұл – Президент айтқан бір реттік сайлау ережесіне қарсы. Депутаттар айтқан ұсыныс қабылданса, онда Қазақстанды 20 жылда 3 президент басқарады. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық кеңеске жолданды.
Мәди ЕЛУБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің пікірімізше, бұл өзгеріссіз – бұл барлық өзгерістер бір толық емес сияқты болады. Неге десеңіз, егерде біз сайлаудан кейін осы жаңа өзгерісті енгізетін болсақ, онда 2022 жылы сайлауда президент болып сайланған адам 5 жылдан кейін тағы бір рет 7 жылға сайлану мүмкіндігі пайда болады. Сонда біздің мынау барлық, толықтай осы өзгерістерге келуіміз тағы 5 жылға дейін шегініп кету мүмкіндігі пайда болады.
А. Задабек