$516.01 €582.47 ₽6.26
×

"7 жылдың ішінде сол өз ойын, өз пікірін елге жеткізе алады" ,- Т.Әубәкіров

AstanaTV
13.09.2022ж. 20:00
1621
"7 жылдың ішінде сол өз ойын, өз пікірін елге жеткізе алады" ,- Т.Әубәкіров

Мемлекет басшысы ұсынған Президент мандатына қатысты тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров пікір білдірді. 7 жылға сайланып, бір рет қана ел басқару әлем елдерінде кеңінен қолданылады, жемісін берген тәжірибе деп отыр.

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

7 жылда өз пікірін елге де жеткізе алады екен, және әлеуметтік саласын да өзгерте алады екен. Сонымен бұл ойлаймын, уақыт жаймен жай дүниежүзі қарастырып жатқан емес. Сонымен 7 жыл деген дұрыс.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды осы күзде өткізуге ұсыныс жасаған еді. Халық қаһарманы бұл бастамаға қатысты былай деді.

Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ:

Әрі қарай да осы билікті ұстау үшін, мемлекетіміз түзу жолмен жүру үшін, ақ жолмен жүру үшін, болашағымыз ұрпақтарымыз жаңа Қзақстанда тұру үшін бәріміз басымызды біріктірейік. Бірлік болған жерде  тірлік болады. Сол тірлік үшін, балаларымыздың болашағы үшін, сол ұрпақтарымыз үшін қазақтар басымызды қосайық. Қосып, мына келе жатқан науқанды бәріміз бірдей қолдайық, көтерейік.

Ә. Дүкембаева