Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

"Жеті жылдық Президент мандаты саяси бәсекелестікті арттырады",-халық пікір

AstanaTV
13.09.2022ж. 20:00
864
"Жеті жылдық Президент мандаты саяси бәсекелестікті арттырады",-халық пікір

"7 жылдық Президент мандаты саяси бәсекелестікті арттырады. Демократиялық елдің көрінісін айқындап, мемлекеттің дамуына оң әсер етеді" дейді халық.  Жаңа Президент 7 жылда өзін жан-жақты көрсете алады деп санайды.  Сондықтан  ел басшысын бір мерзімге сайлау туралы  шешімді құптайды.  

БЛИЦ:

- Кез келген қадам ол қажеттіліктен туындайды. Біз жаңа Қазақстан деп айтып жатырмыз ғой егер шынайы жаңа Қазақстанды құруға бұл қадамдар қажет болса, ол демек орындалуы керек.

- Бір Президент қайта-қайта Президенттікке сайлана берсе, ол демократия емес диктатура деп білем. Бір Президентті сайлау заңы қабылданса, демек Қазақстан Республикасының алға жылжуы, дамуы деп білем.
 
- Президентті бір мерзімге сайлау- бұл  құптарлық іс. Осылайша біз 20 жыл ішінде үш Президент көруіміз ықтимал. Сөйтіп Қазақстан жаңа демократиялық қадам басты деп есептеймін. Бұл бідің елімізге ғана емес Орта Азияға үлгі боларлық дүние.

- Жеті жылдық мерзімде Президент өзіне қойған саяси мақсаттары мен реформаларды келесі мерзімде сайлауға бармайтын болғандығы түбегейлі шешуге, жан-жақты бар күш-жігерін  жүзеге асыруға, саяси күштерді біріктіруге, реформаларды аяғына дейні жалғастыруға  мүмкіндік болатын шығар.

- Жеті жыл мінекей сайланған кезде адам өз ойымен жоспарымен келеді. Ол жеті жылда орындауға уақыт түгелдей жетеді.

- Билік өзгеріп тұру керек. Ия өзгеріс алып келеді деп ойлаймын. Шетелдерде ауысып отырады ғой жыл сайын.  

- Әр жеті жыл сайын өзгеріс керек. Әркімнің өз стратегиясы бар ғой. Соған келісемін.

- Менің ойымша, сол президентті жеті жылда бір рет сайлап тұрған дұрыс деп ойлаймын. Халыққа қызметін көрсетсін сол жеті жылда, жетістіктерін.

- Президенттің белгілі бір срокқа сайланып, одан кейін өзге адамдардың билік басына келгені ол еліміз үшін де, жұртымыз үшін де үлкен көмегін тигізеді деп ойлаймын.


А. Серік