Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

AstanaTV
13.09.2022ж. 20:00
569
Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

Депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай   әлеуметтік желідегі  парақшасында жазды.

Руслан ЖЕЛДІБАЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар.  Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс"

Ал қаржы министрлігі Елорда атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат талап етілмейді дейді.  "Егер Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға қажет болады", - делінген олар таратқан  хабарламада.  Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Қ. Мерей