Ақтөбеде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан тағы да шу шықты. Бұл жолы аталмыш орталықта не лицензиясы жоқ, не рұқсат құжаттары жоқ күмәнді мекемелер медициналық қызмет көрсеткені анықталды. Тіпті олар нарколог анықтамасын бес есе қымбатқа сатқан көрінеді. Бұл заңсыздықтар прокурорлық тексеріс кезінде анықталған. Түркістан облысы Сарыағаш қаласынан келген жауапкершілігі шектеулі серіктестік нарколог анықтамасын 1 мың теңгенің орнына бес мың теңгеге сатқан. Ал басқа мамандардың тексеруін 8 мың теңгеден саудалаған. Оның үстіне серіктестіктің медициналық қызмет көрсету үшін лицензиясы да және санитарлық қорытындысы да болмай шыққан. Мекеме басшысы қызметінен босатылды.
Есет ӘЗІМОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ АЛМАТЫ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:
Прокуратура шараларымен серіктестік лицензиялау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, рұқсат құжаттарынсыз медициналық қызмет көрсету шарты бұзылды, ал Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы басшысы атқаратын қызметінен босатылды.
Б. Рақметова