$517.45 €598.59 ₽6.58
×

Қызылжарда нөмірленген масалар пайда болды

AstanaTV
13.09.2022ж. 20:00
944
Қызылжарда нөмірленген масалар пайда болды

Қызылжарда нөмірленген масалар пайда болды. Айрықша жәндіктерді  байқаған қала тұрғындары  оны таспаға түсіріп, видеоны желіде жариялаған.

Бейнежазбадағы масалардың арқа тұсына жазылған  36 және 38 сандары анық байқалады. Нөмірленген жәндіктер ғаламтор жүйесінде қызу талқыға түсті. Кейбірі оны Билл Гейтстің масаларына теңеді.  Алайда, биологтар бұл қарапайым “күміс қайың біте” екенін айтып, жұртты сабырға шақырды. Айтуынша, бұл масаның денесінде өзіне тән меңі бар. Кейде ол санға ұқсайды. Сондықтан, мұндай табиғи құбылыстан шошудың еш қажеті, жоқ дейді ғалымдар.

А. Құрманкин