$521.9 €593.5 ₽6.39
×

«AMANAT» партиясының 40 күндік «Ауыл аманаты» ақпараттық марафон аяқталды

AstanaTV
13.09.2022ж. 20:00
1094
«AMANAT» партиясының 40 күндік «Ауыл аманаты» ақпараттық марафон аяқталды

«AMANAT» партиясының 40 күндік «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауқымды ақпараттық марафоны аяқталды. Жоба аясында 425 ауыл қамтылып, 250 мың азаматпен кездесулер өткен. Нәтижесінде, бастамаға қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім беріп бастаған. Ал, мал басы шамамен 25 процентке көбейген. Жалпы, халықтың 41 проценті ауылда тұрады. Олардың әл-ауқатын көтеріп, табысқа жетуіне көмектесіп, қолдау білдіру партияның басты мақсаты - дейді аманаттықтар. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл сәуірде «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейін бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда.

А. Задабек