$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайдағы алапат өртке байланысты орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды

AstanaTV
15.09.2022ж. 20:00
1446
Қостанайдағы алапат өртке байланысты  орман шаруашылығының басшысы қамауға алынды

Қостанайдағы орман өртіне кім жауапты? Аманқарағай аумағындағы алапат өртке байланысты «Басаман орман шаруашылығы мекемесінің» басшысы қамауға алынды. Облыстық прокуратура коммуналдық мекеме басшысына қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  басталғанын хабарлады. 15 қыркүйекте сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген көрінеді. Құзырлы орган өкілдері қылмыстық-процестік кодекстің  201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

З. Санай