$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Президент Рим папасына домбыра сыйлады

AstanaTV
15.09.2022ж. 20:00
1090
Президент Рим папасына домбыра сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелік ретінде домбыра сыйлады. Домбыра жайдан-жай таңдалған жоқ. Рим папасы  кездесуде айтқан тұщымды ойларын домбыраның сан түрлі қасиетімен сабақтастырған болатын. Осыған орай Президент Ватикан басшысына қазақтың қонақ жайлылығын көрсетіп, қазақ мәдениеті туралы айтқан жылы лебіздері үшін ерекше ризашылығын білдірді .Мемлекет басшысы  Рим Папасы Францискті елорда әуежайынан зор құрметпен шығарып салды.

Б. Сатуов