«Дінаралық диалогты нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстанға алғыс білдіремін». Парламентаралық одақ төрағасы, Португалия Республикасы Ассамблеясының депутаты Дуарте Пашеку Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановпен өткен кездесуде осылай деді. Олар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінен алған әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ, кездесуде ынтымақтастықты дамыту бағыты талқыланып, бірлескен іс-шаралар өткізу жөнінде келісімге келді. Дуарте Пашеку рухани көшбасшыларды діннің жанжалға себеп болмайтынын халыққа түсіндіруге шақырды. Сондай-ақ, келесі жылы Парламентаралық одақ іс-шараларының бірін Қазақстан астанасында өткізуді ұсынып, қазақстандық парламентшілерді аталған одақ пен Ассамблеяның іс-шараларына қатысуға шақырды. Бұл- Парламентаралық одақ төрағасының Қазақстан астанасына екінші сапары. Алғаш рет 2021 жылдың желтоқсан айында келген.
Дуарте ПАШЕКУ, ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ОДАҚ ТӨРАҒАСЫ, ПОРТУГАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Бұл тұрғыда Қазақстанның және ел Президентінің рөлі айрықша екенін атап өткен жөн. Өйткені сіздің ел түрлі діни ағым өкілдері бейбіт өмір сүре алатынының үлгісіне айналып отыр. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың съезд жұмысын жалғастыру және нығайту жөніндегі ұстанымы – бүкіләлем үшін өте жақсы бастама.
А. Задабек