Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат тарату фактісі жиілеген

AstanaTV
19.09.2022ж. 20:00
1326
Жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат тарату фактісі жиілеген

Ақмола облысында 5-ші сынып оқушысы, Павлодар облысының сот ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Ішкі істер министрлігі Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің дерегінше ол мұны электронды почта арқылы хабарлаған. Қазір аталған факт бойынша тергеу жалғасуда. Айта кетейік, осы жылдың 8 айында терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан 14 қылмыстық іс сотқа жолданған. Оның 13-не, сот үкім шығарып, 7 адам бас бостандығынан айырылған. Құзырлылар мұндай жалған ақпарат тарату қатаң жазаланатынын ескертеді.

Дархан РАЗУЕВ, ҚР ІІМ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалжың ретінде ойланбай жасаған әрекеті үшін шынайы ауыр жаза қолданылатынын түсіндіргім келіп отыр. Ең ауыры ол қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық жауапкершілік жасына толған адам үшін сотталу түріндегі қылмыстық жаза осы қылмыс үшін көзделген.

Б. Сатуов