Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Торғайда 600 мың теңгенің дәретханасы желіде қызу талқыға түсті

AstanaTV
19.09.2022ж. 20:00
1001
Торғайда 600 мың теңгенің дәретханасы желіде қызу талқыға түсті

Қостанай облысы Торғай елдімекенінде  600 мың теңгенің дәретханасы, желіде қызу талқыға түсті. Құны қымбат дәретхана 4 жыл бұрын бой көтерген. Сол тұста ауылдағы су құбырын жаңғырту жобасына 443 миллион теңге бөлінген көрінеді. Ағаш дәретхананың ақшасы да жобаға енген. Алайда аудандық құрылыс бөлімінің басшылары әжетханаға қомақты қаражат кетті дегенді жоққа шығарып әлек.

Әділбек ИМАНҒАЛИЕВ, ЖАНГЕЛДИН АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Проектінің ішіне салынған. Ол жоба сараптамадан өткен. Бір адамдық ағаш туалет. Құрылыс бөлімі қабылдап алған 2019 жылы. Барлық обьект бойынша. 600 мың құр туалетке  кеткен жоқ. Қосымша құрылыс істеп берді. Жанына 4*2 размері. Инсиблоктан. Құбыр қатпас үшін. Проектада көрсетілмеген жұмыстарды істеп берді.

З. Санай