Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстандықтар боксшы Геннадий Головкинке қолдау білдірді

AstanaTV
19.09.2022ж. 20:00
1300
Қазақстандықтар боксшы Геннадий Головкинке қолдау білдірді

Күні кеше жаһан жанарын жаулаған жекпе-жек өтті.  Геннадий Головкин мен  Сауль Альварес үшінші рет шаршы алаңда кездесті. Еліміздің әр өңірінде таңғы 7-ден бастап Геннадийді  қолдау шаралары өтті. «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты 10 мың адамға арнап көпшілік көрсетілім ұйымдастырды.  Бірақ, бұл бәсекеде мексикалық қарсылас басым түсті. Дегенмен, көпшілік Головкинге  «Сен біз үшін чемпионсың!» - деп ұрандатты.

Бастапқы раундтартарда қарсыластар бір-бірінің қимылын аңдып, сақтықпен жүрді. Бұл жолы Канелоның қарқыны қатты. Геннадий   8-раундтан кейін ғана күш алды деуге болады. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Сауль Альварес жеңіске жетті. Жекпе-жекті халықпен бірге тамашалаған "Жастар рухы" Жастар қанатының мүшелері  «Геннадий Головкин ұлт мақтанышы» - дейді.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:


Әрине Гена біз үшін чемпион! Халықтың чемпионы! Ұлтымыздың мақтанышы. Қазір шетелде, жалпы жастарға өнеге, үлгі көрсететін азаматтардың бірі ол, әрине, Геннадий Головкин. Халықтық сол жерде көрсетілім ұйымдастырдық. көп азаматтар келді. біздің есептеуімізше 10 мыңнан асып, түсіп жығылып жатыр қазіргі сандары. Негіздісі, әрине, ұлт мақтанышы, еліміздің біртуар азаматтарының бірі Геннадий Головкинге рухымыз арқылы, намысымыз, ынтамыз арқылы қолдау білдіру.

«Жастар Рухы» Жастар қанаты Головкиннің жекпе-жегінен 10 мың адамға арнап барлық аймақта көрсетілім ұйымдастырды. Астаналық жанкүйерлер «Экспо» алаңына жиналды. 10-нан астам автокөліктен тұратын керуен Қазақстанның және «Жастар Рухының» туын желбіретіп, елорданың басты көшелерімен жүріп өтті. Тұтас  ел боп  тақым қысты.  Жекпе-жек барысында батырымыз үшін алаңдап отырды.  Жеңіліске қарамастан, Гена  біз үшін мәңгі чемпион дейді олар да.

БЛИЦ:  

- Гена -біз үшін чемпион! Біз онымен мақтанамыз! Бәріміз үлгі тұтамыз. Қанша бала Геннадийге қарап боксқа қызығушылық танытты.

- Біздің бір ғана чемпионымыз бар. Ол – Геннадий Головкин.12 раундқа шыдаудың өзі – жеңіс. Сондықтан ол біз үшін чемпион болып қала береді. Маған жекпе-жек қатты ұнады.


Ал  Павлодардағы  орталық алаңға Головкин мен Альварестің жекпе-жегін көру үшін  мыңға жуық жанкүйер жиналған.  Олардың  арасында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов та болды.  Тартысты  доданы жерге жайғасып, шай ішіп отырып көргендер де бар.  Геннадий  шаршы алаңға шыққан кезде жанкүйерлер ұрандатып, барынша қолдау көрсетті.

Қарағандылықтар да боксшыны қолдау үшін Шахтер стадионына  жиналды. Генаға еліктеген балалар да  келген.   

БЛИЦ:

- Еліміздің атынан шығып жатқан Геннадий Головкинді бүгін мен қолдауға келіп отырмын.Ж әне үлкен қатты сенім артамын.

- Ол әлем чемпионы, бағындырады.Оған қазақтың реніші жоқ, ол көп жарыстың бәрін ұтқан. Біз Қазақстан Генаға болеть етеміз Гена мықты!.

- Біз үшін Головкин үлкен тұлға, біз үшін бұл бұл жеңіліс  емес деп ойлаймын. Алдағы уақытта үлкен жеңістер болады деп күтеміз.


Көпшілік үшін Гена өз биігінде қалды, қала да береді. Жекпе-жек аяқталған соң  Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинге телефон шалып, оған қолдау көрсетті. «Сен жанкүйерлер үшін әлемдегі және еліміздегі ең үздік ұлттық чемпион болдың және чемпион болып қала бересің. Біз сені мақтан тұтамыз!» - деді Президент.

А. Задабек