Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қай министрлікте жемқорлар көп?

AstanaTV
20.09.2022ж. 20:00
1385
Қай министрлікте жемқорлар көп?

Жыл басынан бері министрліктердің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген желеумен қолға түскен. ranking.kz порталының есебі бойынша бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен  20% -ға көп. Сонымен... Бұндай қылмысқа ең көп барған ведомстволардың көшін Қаржы министрлігі бастап тұр. 33 қызметкері жемқор деп танылған. Құлқынының қамын ойлағандар қатарында Қорғаныс министрлігі, Ауыл шаруашылығы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері бар. Негізі "ведомстволық" құқық бұзушылардың 70-тен астамы пара алумен қолға түскен. Бұқара да жемқорлыққа мемлекеттік қызметкерлер жиі барады деп санайды.  

БЛИЦ:

- Жоғарғы Үкіметте коррупция көп.

- Мүмкін, орта лауазымды шенеуніктер. Қағазға қол қою арқылы біраз мәселені шешіп отырған шенеуніктер шығар.

- Сен любой жерге бар қазір. Жұмысқа кіру үшін бірінші взятка бересің.

- Әкімшілік жағынан жалпы көп дамыған деп ойлаймын.

А. Базарбай