Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанада жұмыссыздық мәселесі оңтайлы шешілуде

AstanaTV
20.09.2022ж. 20:00
1684
Астанада жұмыссыздық мәселесі оңтайлы шешілуде

Астанада 8 мыңнан астам жұмыс орны бос. Көлік, құрылыс, білім, денсаулық сақтау салалары бойынша мамандар қажет. Биыл бесінші рет өткізіліп отырған  жұмыссыздар жәрмеңкесінде де дәл осы мамандық иелеріне сұраныс жоғары болды.

Бұл жәрмеңке жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Ділдә Арманқызы да арман қуып осында келген.

Ділдә АРМАНҚЫЗЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ағылшын тілінен мұғалім. Осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса керемет. Барлық мәліметті толығымен береді осы жерде. Ыңғайлы деп ойлаймын.   

Жәрмеңкеге 300 жұмыс беруші  мекеме қатысты. "Бұл-кадр мәселесін шешудің тиімді бір жолы" дейді ұйым өкілдері.

Айтолған МАХАМБЕТОВА, МЕНЕДЖМЕНТ, БИЗНЕС ЖӘНЕ БІЛІМ КОЛЛЕДЖІ КАДРЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Осы жолға дейін қатысқан жәрмеңкеде алғашқы жұмыс орны деген бағдарлама бойынша 2 адамды жұмысқа қабылдадық. Информатика, математика пәні бойынша бір-бірден мұғалім керек. Бөлме тазалаушы және күзетші керек. Осы вакансияны толтырамын деген сенімдемін.

Ұйымдастырушылар    жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді тікелей байланыстырамыз дейді. Соның нәтижесінде, жұмыссыз азаматтар саны азайып келеді.  

Азамат БАЙТАСОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жылдың басынан санаған кезде 2 мыңнан астам жұмыссыз жүрген азаматтар жұмыс жәрмеңкесіне қатысып, 1 мыңнан астам азаматымыз белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысу үшін ақпарат алып, 500-ден астам жұмыссыз азаматымыз қайта сұқбатқа шақырылып, 240 азаматымыз қазіргі таңда жұмысқа орналастырылды.

Айта кетейік, жыл соңына дейін әлі 5 жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Қ. Мерей