Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«AMANAT» партиясында коммуналдық шаруашылық мәселелері талқыланды

AstanaTV
20.09.2022ж. 20:00
1705
«AMANAT» партиясында коммуналдық шаруашылық мәселелері талқыланды

Электр энергиясына, жылуға және сумен жабдықтау тарифтерінің өсуі   тұтынушының қалтасына салмақ салмауы тиіс. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Энергетика комитетінің мүшелері айтты. Кезекті жиын барысында партиялықтар коммуналдық кәсіпорындарды жаңғырту және алдағы жылыту маусымына дайындық барысын талқылады. Президент өз Жолдауында еліміздегі электр  желілердің үштен екісі, жылу коммуникациясының жартысынан көбі және су құбыры желісінің жартысы тозғанын айтып, «Тарифті инвестицияға айырбастау»  жаңа тариф саясатына көшуді тапсырған еді. Энергетика министрлігі осы ретте өндіруші қуаттардың тозуын 15%-ға төмендету үшін 2035 жылға қарай жыл сайынғы инвестицияны үш есеге ұлғайтамыз дейді.

Жандос НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:


Қазіргі уақытта салаға салынған инвестицияларды қайтаруға жұмсалатын қаражат көлеміне белгіленген лимитті 3 есе ұлғайту қажет. Оның үстіне электр энергиясына тарифті күшпен ұстап тұруға бағытталған қазіргі саясат инфляцияның өсуін толық шамада ескермеді, бұл саланың инвестициялық тартымдылығына да әсер етті. Осы тәсілді қайта қарау ұсынылады.


А. Базарбай