Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Әлем әскери қақтығыстардың жаңа раундының құрбаны болды», - Президент

AstanaTV
21.09.2022ж. 20:00
840
«Әлем әскери қақтығыстардың жаңа раундының құрбаны болды», - Президент

«Әлем әскери қақтығыстардың жаңа раундының құрбаны болды». Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы өз сөзінде дүниежүзі елдерін  үш негізгі қағидатты : мемлекеттер егемендігінің теңдігі, олардың аумақтық тұтастығы және бейбіт өмір сүруді қайта зерделеуге шақырды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясы. Президент Тоқаев сөзін жыл сайын шиеленісіп бара жатқан халықаралық жағдайдан бастады. Санкциялардың салқыны, экономикадағы іркіліс инфляцияның төмендеуіне әкелді. «Қауіпсіздік» жай сөзге айналды. Президент "әлем қақтығыстардың құрбанына айналды" деп атап өтті.

Қасым-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Тәртіп пен жауапкершілікке негізделген бұрыннан қалыптасқан халықаралық жүйе хаос пен болжауға болмайтын жағдайда өз орнын жоғалтуда. Жаһандық тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай алмады. Қауіпсіздік архитектурасы жойылуда. Әлемдік державалар арасындағы өзара сенімсіздік қорқынышты қарқынмен өсіп келеді. Әлем әскери қақтығыстардың жаңа раундының құрбаны болды. Біз екі ұрпақ ішінде бірінші рет ядролық қаруды соңғы шара ретінде емес, қолдану қаупіне тап болып отырмыз.

Президент төтенше шараларға апармаудың жолын қарастырған дұрыс деді. Сондықтан дағдарыстарға жай ғана жауап беру енді жеткіліксіз. Байыпты болжам, кикілжіннің алдын алу маңызды. Қасым-Жомарт Тоқаев биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бұрынғы бастаманы еске салды. Өйткені заманауи қиындықтарды тек ұжымдық күш-жігермен ғана жеңуге болады.

Қасым-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Соңғы жылдардағы көптеген және жиі өзара байланысты дағдарыстар жаһандық басқарудағы елеулі олқылықтарды көрсетті. Олар БҰҰ-ны жаңғырту мен реформалау қажеттігін көрсетеді. БҰҰ алдағы қиындықтарға және туындайтын мүмкіндіктерге дайын болуы керек.

Мемлекет басшысы, кез келген жаһандық проблемаларды шешуге болатындығын мәлімдеді. Қазақстанның әлемдік нарыққа сенімді астық жеткізушісі болатынына барлығын сендірді.

Қасым-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазақстан астық пен басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін, ең алдымен кедей елдерге тасымалдай береді. Біз сондай-ақ Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен, сондай-ақ БҰҰ агенттіктерімен ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отырмыз. Осыған байланысты барлық санкциялар мен шектеулерден азық-түлік пен тыңайтқыштарды алып тастау өте маңызды.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапарында екі күнде 27 кездесу өткізді. Жасыл экономикадан медицинаға дейін түрлі сала бойынша ондаған меморандумға қол қойылды. Мамандардың айтуынша, бұл- соңғы үш жылда жүргізілген реформалардың нәтижесі.

Бекжан САДЫҚОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ЗЕРТТЕУШІСІ:


2019 жылдан бастап саяси реформалар жүйелі түрде жүргізілуде, ең бастысы, Америкаға сапардан кейін инвесторлардың да, Қазақстан азаматтарының да, бизнестің де мүдделеріне жауап беретін экономикалық стратегияны әзірлеу қажеттілігі артып отыр.  

Президент американдық бизнес алпауыттар алдында экономиканың өзекті екенін айтты. Кедергілер инвестицияға қолбайлау болатынын жеткізді.

Т.Әлжанов